KZ
Өскемен
+11°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Балабақшадағы қатігездік: Өскеменде тәрбиешіге қатысты тергеу амалдары басталды (ВИДЕО)

4.03.2021, 12:27 157

Бейнежазбаға Өскемендегі балабақша тәрбиешісі «Еркетай» тобындағы баланы жерге қарай қатты екпінмен лақтырып жатқаны түсіп қалған.

Бұл жағдай Өскемендегі «Арман» балабақшасындағы болған. Ата-аналардың бірі ұлына тәрбиешінің қатыгездік көрсететіне шағымданған. Шағымдарын дәлелдеу мақсатында бейнежазбаны көрсеткен. Онда тәрбиешінің балаға жақындап келіп, майкасынан тартып, күшпен еденге қарай лақтырып жібергені анық көрінеді.

Бала жылап, балалардың арасына қарай жүгіреді, алайда тәрбиеші әрекетін тоқтатпай, тағы солай жалғастыра берген. Бала ызадан одан сайын жылай бастаған. Бұл әрекеттердің барлығы балалардың көзінше болған.

Бейнежазбада балабақшаның басқа да қызметкерлері жүр. Олардың бәрі болып жатқан көріністі көрсе де, ешкім тәрбиешінің іс-әрекетін тоқтатпаған. Тіпті, бір мезетте әлгі тәрбиеші баланы өзімен бірге басқа бөлмеге алып кетті.

Бейнежазбаға пікір білдіріп отырған ата-ана:

-      Балабақшада балаға жақсы қарай ма? Бала үшін балабақша қорқынышты. Тәрбиеші баланы қайда алып кетті, - деді.


Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы бұл фактіні растап, түсініктеме берді. Белгілі болғандай, видеоға түсіп қалған жанжал 17 ақпанда болған, баланың ата-анасы кеше ғана шағымданған.

-      Әрине, біз бірден мән-жайға араластық. Мұнымен қазірдің өзінде құқық қорғау органдары жүзеге айналысып жатыр. Жазаны қызметкерлер көтереді, - ШҚО білім басқармасының бастығы Сайрангүл Жұмаділова. 

Бөлімде атап өткендей, қазірдің өзінде шаралар қабылданды. Баабақша директоры мен тәрбиешісі арнайы заң бабы бойынша жұмыстан шығарылды. Сондай-ақ, ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

-      Бүгін ШҚО білім басқармасының басшылығы балабақшаның ата-аналарымен кездесу өткізеді. Сондай-ақ, қаланың үздік психологтары балалармен жұмыс істеуге тартылатын болады. Мәселе облыс басшылығының бақылауында, - деп хабарлайды ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив