Өскеменде балабақша күтушісі 1,5 жасар баланы тұншықтырған
Өскемендегі жекеменшік балабақшалардың бірінде күтуші әйел 1,5 жасар баланы тұншықтырыпты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі "Бірінші арна Еуразия" телеарнасына сілтеме жасап.
Балабақша күтушісі баланы бетінен бірнеше рет соққы жасаған. Бала жылған соң, оның ауызн басып, тұншықтырыпты.
Бұл оқиға бойынша тергеу амалдары 2,5 айға созылған екен. Ал жәбір көрген бүлдіршін осы жағдайдан кейін невропатолог дәрігерден ем алып жүр. Оған қоса, кеңсірігі жарақаттанғандықтан тыныс алуы қиындаған.
Соттың үкімі бойынша, балаға жәбір көрсеткен күтуші үш тәулікке қамауға алынып отыр. Мұндай шешім ата-ананың көңілінен мүлде шықпайтын көрінеді.
- Заңды қайта қарау керек. Жануарларды азаптағаны үшін жазаға тартылады, ал балаға көрсетілген қатыгездік үшін неге қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған? – дейді баланың анасы.