KZ
Өскемен
-9°
туман жел 3 м/с, В
527.3 544.86 4.95

Өскеменде жап-жас жігіт көпірден секіріп кетті

12.01.2021, 16:28 265

Өскемендік тәртіп сақшылары суға ағып бара жатқан жігітті құтқарып қалды.

Қаңтардың 11-і күні түнгі сағат 23.40-та Өскемен қаласы Полиция басқармасының «102» каналына ер адамның Понтон көпірінен секірмекші болып тұрғандығы туралы қоңырау түседі.

Шақыртуды ала салысымен 2 минуттың ішінде оқиға орнына «Қыран-19» - құрамында полиция лейтенанты Меирхан Ракишев пен полиция кіші лейтенанты Ризабеков Бауыржан келеді.


Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері көпірдің қоршауынан бір қолымен ұстап, өзенге секіргелі тұрған ер адамды көреді. Тәртіп сақшылары оның қолынан ұстап қалуға тырысқанмен, жігіт көпірден өзенге қарай құлайды.

Полиция қызметкерлері судың ағыны жігітті төмен қарай алып кеткендіктен оны қараңғыда табуға тырысып, жағалау бойымен жүгіре бастайды.

Жағалау бойымен шамамен 900 метр жүгірген полиция қызметкерлері "көмектесіңдер, мен тоңдым" деген жігіттің дауысын естіп, ойланбастан суға түсіп, құтқару арқанына байланған шеңберді лақтырады. Шеңберді ұстап үлгерген жігітті полиция қызметкерлері судан жағалауға шығарып алады, сол мезетте жедел жәрдем шақыртып үлгереді. Қызметкерлер құтқарылған жас жігітті келіп жеткен медициналық қызметкерлердің қолына табыстайды.

Мән-жайды анықтау барысында, 26 жастағы ер адамның мас күйінде болғаны және өз әрекеттерінің себебін түсіндіре алмағаны белгілі болды.

- ҚР ІІМ тапсырмасы бойынша 2019 жылы Өскемен қ. ППБ қызметкерлері кез келген қиын жағдайда азаматтарға көмек көрсету үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталды. Барлық патрульді автокөліктер арнайы құралдармен яғни, құтқару кеудешелері, құтқару шеңберлері, тростар, гидравликалық қайшылар, өрт балталары, өрт сөндіргіштер, өртке қарсы төсемдермен жабдықталған. Соның арқасында 2021 жылдың 11 қаңтарында ППБ қызметтік автокөлігінде болған құтқару шеңберін қолдана отырып, көпірден құлап, суға ағып бара жатқан адамды құтқаруға мүмкіндік туды, - деді Өскемен қ. ПБ бастығы Андрей Мула

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу