KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,4 м/с, В
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы түсіндірілді

11.11.2020, 20:21 121
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында 10 қарашада шыққан №24 қаулының тармақтарына тоқталып өтті.

Шығыс Қазақстанда 10 қарашада коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 237 жаңа жағдайы тіркелді.

Жаңа қаулыға сәйкес караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг – орталықтар, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, кинотеатрлар, букмекерлік кеңселер, фудкорт сияқты ойын-сауық мекемелерінің жұмысы тоқтатылды.

Өскемен, Риддер, Серебрянск қалаларында және Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінде эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты кинотеатрлардың, моншалардың, сауналардың, бассейндердің, театрлардың, мәдениет объектілерінің, кітапханалардың, музейлердің, фитнес-орталықтардың және спорттық-сауықтыру орталықтарының, тренажер залдарының, спорт кешендерінің, СПА-орталықтардың жұмыс істеуіне тыйым салынды.

Қоғамдық тамақтандыру объектілері енді демалыс және мереке күндері қызметін тоқтата отырып, сағат 7-ден 22.00-ге дейін жұмыс істей алады. Бұл ретте, осы объектілер жеткізу және алып кету тәртібін сақтай отырып, шектеусіз онлайн режимде жұмыс істей алады.

Азық-түлік сатпайтын сауда объектілеріні, сұлулық салондарының, шаштараздардың, көлік жуу орындарының, кір жуу орындарының, фотосалондардың, бизнес орталықтардың және басқа да кеңсе ғимараттарының жұмыс режимі мереке және демалыс күндері қызметін тоқтата отырып, таңғы сағат 7-ден 19.00-ге дейін белгіленді.

- 5 жасқа дейінгі балаларды және медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, сондай-ақ ашық алаңда спортпен шұғылданатын және жеке көлікте отырған адамдарды есепке алмағанда, барлық жеке тұлғалар үшін медициналық маска тағу режимін сақтау талап етіледі.

65 жасқа дейінгі азаматтарға және созылмалы аурулары бар адамдарға үйден дәріханаға шығуға, төлем жасау, коммуналдық қызметтерді төлеу және сауда жасау үшін мекемелерге, жұмысқа баруға рұқсат етіледі, - деп атап өтті Талғат Тұңғышбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан covid-19 жұқтырудың ең жоғары көрсеткішіне байланысты «қызыл аймаққа» енгізілген. Сондай-ақ, аталған қаулыға сәйкес шектеу шаралары 2020 жылғы 25 қарашаға дейін Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында ұзартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу