Бүгін жаңа мықты өкілді билікті таңдаймыз – Жақсылық Омар
Бүгін елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихат дептаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар маңызды саяси науқанда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Бүгінгі сайлау еліміздің тарихында ерекше орын алады. Біз бүгін жаңа мықты өкілді билікті таңдаймыз. Қазақстанның тағдырына бей-жай қарамайтындардың барлығын сайлау процесіне қатысуға шақырамын, - деді қала әкімі.
Бұған дейін өскемендік тұрғындар саяси науқанда белсенділік танытып жатқанын жазған болатынбыз.
Оқи отырыңыз