Өскемен қаласының әкімі отбасымен сайлауда дауыс берді
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар кезектен тыс Президент сайлауында өз таңдауын жасады.
Сайлау учаскесіне шаhар басшысы отбасымен бірге келді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қала әкімі балаларға өз еркіндіктері мен мүмкіндіктеріне деген сенімін қазірден бастап бойларына сіңіру керектігін айтты.
- Бүгін сайлауға ұлдарыммен бірге бардым. Біз біртұтас қазақстандық ұлт, тәуелсіз ел ретінде талай жетістікке жетіп келе жатырмыз. Бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ та болашақта еліміздің көшін өрге сүйреп, жауапты азамат болып қалыптасуы үшін олардың бойына патриоттық рухты, елжандылық пен адалдықты қазірден сіңіре беруіміз керек, – деді Жақсылық Омар.
Оқи отырыңыз