KZ
Өскемен
-5°
плотный туман жел 2 м/с, З
479.71 533.77 5.16

Қала бизнесті дамытса, бизнес қаланы дамытады – Өскемен әкімі

31.03.2023, 17:05 313 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменнің жас кәсіпкерлері қала-бизнес тандемінде тиімді өзара әрекеттесуге бағытталған ұсыныстармен бөлісті.

Өскемен әкімі Жақсылық Омар қаланың жас кәсіпкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 

Әкімнің айтуынша, жас бизнесмендердің жаңа буыны шындыққа ілгершіл көзқараспен қарайды және ары қарай қалай даму керек екенін анық біледі.

– Мұндай мақсатқа деген талпынушылық аса қуантады және қолдау табуы тиіс, – дейді әкім.

Кездесу барысында инфрақұрылымды, экономикалық процестерді, кәсіпкерлікті қолдау шараларын дамыту бойынша көптеген ұсыныстар айтылды. Барлығы қала-бизнес тандемінде тиімді өзара әрекеттесуге бағытталған. Шаһар басшысы бұл қазіргі замандағы дамудың іргетасы екенін айтып өтті.

– Қала бизнесті дамытса, бизнес қаланы дамытады, – дейді Жақсылық Омар.

Қала басшысы мен кәсіпкерлер бір айдан кейін қайта кездеспекші. Оған дейін қала әкімшілігі осы кездесуде айтылған ұсыныстарды енгізудің мүмкіншіліктерін толық зерттеп шығуды көздеп отыр.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив