Өскемендегі жаңа үйлердің тұрғындарына көшеттер беріледі
Фото: Шартты сурет
Өскемендегі жаңадан салынған үйлердің тұрғындарына абаттандыру мақсатында көшеттер беріледі.
Өсімдіктерді жақында 22-ші шағын аудан тұрғындары алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аталған ауданның тұрғындары жұмыс сапары кезінде қала әкімінен көшеттер беруін сұраған көрінеді. Осы мақсатта 50 көшет бөлу көзделген.
– Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы көшеттерді жеткізген бойда оларды береміз. Ең басты дүние – тұрғындардың оларды іс жүзінде отырғызуы. Себебі бұған дейін жаңа аудандардың бірінің тұрғындары көгалдандыру материалын алып, оны екпеген жағдай болған. Өкінішке қарай, бұның қала үшін қаншалықты маңызды екенін бәрі түсіне бермейді. Алайда оны түсінетін жандарға жәрдемдесеміз, – дейді қала әкімі Жақсылық Омар.
Оқи отырыңыз