KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

«Сенбі-жексенбі жүрмейді». Шағын аудан тұрғындары автобустарға наразы

18.01.2020, 07:27 159

Өскемендегі 19-шы шағын ауданның тұрғындары қоғамдық көліктердің жұмыс кестесіне наразы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов аталмыш шағын ауданның тұрғындарымен кездесіп, абаттандыру жобасын талқылаған еді. Бұл бастаманы бір ауыздан құптаған тұрғындар, қосымша талап-тілектерін де жеткізді. Олардың айтуынша, қала екі ортағы қоғамдық көліктер сирек қатынайды. Ал 43 және 26-шы маршрутты автобустар сенбі-жексенбі күндері мүлдем жүрмейтін көрінеді.

- Сонда 17-ші автобус ғана қалады. Оның өзі өте сирек жүреді, - дейді олар.  

Даниал Кенжетайұлы тұрғындардың бұл өтінішін ескеретінін жеткізді.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив