Субұрқақтар мереке қарсаңында іске қосылады – Өскемен
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Аталмыш мереке қарсаңында облыс орталығында 15 бірдей субұрқақ іске қосылады.
Бұл туралы Өскемен қаласы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
1 мамыр күні төмендегі субұрқақтар іске қосылады:
- Республика алаңындағы музыкалық фонтан;
- Қазақстан көшесіндегі орталық универсамның алдында;
- Достық үйінің (ДКМ) алдында;
- Арбатта;
- "Ертіс Концерт" КМҚК;
- С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың бас корпусының алдында;
- Пермитин көшесінде «Амфитеатр» ауданында;
- «Чайка» дүкенінің жанында;
- Лихарев көшесінде;
- С.Нұрмағамбетов атындағы саябақта.
Субұрқақтардың жұмыс кестесі – 10.00-ден 20.00-ге дейін, ал музыкалық фонтандар 9.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кету керек, қаладағы төрт субұрқақ (Әуежайдың алдындағы, Гагарин бульварында, облыстық "Халифа Алтай" мешітінің жанында және "Өскемен" қонақ үйінің жанында) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін қосылады.
Оқи отырыңыз