KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 3 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Облыс орталығын ауқымды өзгерістер күтіп тұр

2.05.2023, 10:37 284 Ләззат Қанатқызы

Өткен аптаның жұмыс күні Өскемен қаласы мәслихатының сессиясы өткен болатын. Онда басқа мәселелермен қатар қаланы дамыту мен абаттандыру бойынша қосымша шараларға қаражат бөлу де қарастырылған.

Биыл облыс орталығында атқарылатын жұмыстар мен келісілген жобалар туралы нақтырақ қала әкімі Жақсылық Омар мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биыл жоспар бойынша төмендегі жұмыстар атқарылады:

- Республика алаңындағы кеспе тас төсемін жөндеу. Былтыр біз алаңның өрнекті бөлігін жаңартқан едік, енді жұмыстар скверде жүргізіледі.

- Жаңа Соградағы Фасадная көшесінің бойында орналасқан скверде спорт алаңын салу.

- Қала мектептерінің маңындағы көшелерге жарық тартуға он миллион теңге бөлінді. Жарықтандыратын учаскелерді азаматтардың осыған дейін жіберген өтінімдерінің негізінде таңдайтын боламыз.

- Дәл осындай сомадағы қаржы Ескі Соградағы көшелерді жарықтандыруға бөлініп отыр. Жақын арада біз ауданның тұрғындарымен кездесіп, жарықтандыруды қажет ететін учаскелерді анықтаймыз.

- Б.Момышұлы көшесіндегі 14-ші үйдің ауданында футбол алаңын орнату үшін де қаржы қарастыра алдық.

- Ескі Согра, Ахмер, Ново-Явленкадағы, Болашақ ауданындағы жолдарды қиыршық тас төсеу арқылы жөндеу.

- Назарбаев даңғылындағы жерүсті өткеліне жаңа лифт сатып алу және үш лифтті толық ауыстыру.

- Жаңа Согра кентінде тазарту қондырғыларындағы номер 2-ші биофильтр ғимаратын қайта құру.

- Трамвай жолдарын қайта құру бойынша жұмыстарды жалғастыруға қаржы бөлінді.

- Үлбі көпірінде асфальт жабынын ауыстыру.

- Металлургтер мәдениет сарайы ауданындағы ғимараттар мен сарайдың өзін сәулеттік жарақтандыру.

– Аталған жобалардың барлығы биыл орындалады. Жақын арада біз шағын аудан тұрғындарымен кездесу өткізуді жоспарлап отырмыз. Қала жолдарын орташа жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде, барлық учаске бойынша жұмыстар 15 шілдеге дейін аяқталуы керек, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив