KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
507.05 594.82 6.51

«Тазалық ойындары» экосенбілігі өтеді – Өскемен

3.05.2023, 20:28 614

6 мамыр күні қала әкімдігі волонтерлік ұйымдармен бірге «Тазалық ойындары» экосенбілігін өткізеді.

Үлбі жағалауының бойын, яғни Астана көшесі, 48/1 мекенжайынан төменге қарай аумақты тазарту жұмыстары жүргізіледі. Сенбілік интерактивті ойын түрінде ұйымдастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ниет білдірген кез келген азамат қатыса алады.

Шараға жиналу сағат 10.00-де Астана көшесі, 48/1 мекенжайында басталады. Тазалық жұмыстарына арналған құрал-жабдықтар мен қолғаптар сол жерде беріледі. Қатысушыларға сыйлықтар, сувенирлер және тегін палау таратылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу