KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,6 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Жеңіл атлеттер Жеңіс күні бес шақырымды жүгіріп өтті

Фото: Тілеубек Шаяхмет

9.05.2023, 12:04 372

Өскеменде бүгін Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай Ұлттық Ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты үш бірдей әскери бөлімнің жауынгер-спортшылары 5 шақырымдық жеңілатлетикалық кростан өзара сайысқа түсті.

Жарысқа 6699, 3477 және 5518 әскери бөлімдерінің офицерлері мен сержанттар құрамы және жедел шақырылымдағы сарбаздар қатысты, деп хабарлайды, Altaynews тілшісі.

Бес шақырымдық сайыста «Кіл мықтыдан кім мықты?» атанған «Даңқ» мемориалы жағалауында анықталды.

Жеңілатлетикалық кростың нәтижесі бойынша офицерлер арасында жүлделі 1-ші орын 6699 әскери бөлімінің 3-ші взвод командирі Шыңғысхан Шалқаров жеңіп алды. Ал екінші орынды сол әскери бөлімнің 2 взвод командирі Өміржан Тоқтарбаев жеңіп алса, үшінші болып мәре сызығынан 5518 әскери бөлімінің рота командирінің орынбасары Серік Құдайбергенов өтті.

Жеңімпаздарды облыстық мәслихат хатшысы Денис Рыпаков марапаттады.

 –  Ал сержанттар құрамы арасындағы алғашқы болып мәре сызығынан 3477 әскери бөлімінің бақылаушы маманы Ербол Сенбай өтсе, екінші болып 6699 әскери бөлімінің сержанты Мейір Макенов келді. Ал үшінші орынды 3477 әскери бөлімінің техник маманы Курванжан Гулмандулов жеңіп алды. Жеңімпаздарды «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының бірінші орынбасары Ерлан Жұмаділов марапаттады.

Жедел шақырылымдағы сарбаздар арасындағы бәйгеде барлық жүлделі орындарды 5518 әскери бөлімінің сарбаздары иеленді. Бірінші болып мәреге келген қатардағы Айтеке би Халиков, ал екінші орынды қатардағы Ерғанат Тілебалды жеңіп алса, үшінші орынды қатардағы Жандарбек Балтабаев ұтты.

Жауынгер-спортшыларды жеңілатлетикадан жоғары санаттағы аға жаттықтырушы Рашида Лұшпай марапаттады.

Барлық жеңімпаздар медальдармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив