Защита шағын ауданының тұрғындарын не алаңдатады? – Өскемен
Фото: Автордікі
27 мамырда қала әкімі Жақсылық Омар Защита шағын ауданының тұрғындарымен жолығып, атқарылған істер жайлы баяндады.
Кездесуге жиналған тұрғындар шағын аудандағы шешімін таппаған мәселелер жайын жеткізіп, өтініш-тілектерін білдірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Былтыр шағын аудандағы Теміржолшылар, Вострецов, Спасская, Тынышпаев көшелерінде шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізіліп, бір көше мен тұйық көшеде жарық орнатылған. Сонымен қатар «Менің аулам» бағдарламасы бойынша 5 аула абаттандырылып, итпен бірге серуендейтін орын салынған. Ал биыл шағын аудандағы тағы бір көшеде жолды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «100 күнде 10000 шұңқыр» жобасы бойынша 11 көшедегі шұңқыр жамалды.
Қала әкімі осы жылы тағы үш көшеде жарық орнатылатынын хабарлады.
Тұрғындар спорттық стадион және балабақша салу, №228 маршрутты қайтару туралы тілектерін айтты.