KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Өскеменде көмір сатыла бастады

Сурет автордікі

22.06.2023, 14:08 685 Ләззат Қанатқызы

Қала әкімдігі күзде кезек көбейіп, мәселе туындамас үшін тұрғындарды қазірден бастап көмір сатып алуға шақырады.

Қазіргі уақытта көмір бағасы бір тонна үшін 14 000 теңге болса, әлеуметтік көмір – 13 500 теңгеден, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыс орталығына қазір көмір жеткізіліп жатыр. Жақында Өскемен қаласының әкімдігі, «Қаражыра» АҚ және ардагерлер қоғамдық бірлестігі үшжақты меморандумға қол қоймақ.

Шаhар басшысының айтуынша, қалада әлеуметтік көмір алатын 5646 отбасы бар. Оларға ЦТУ филиалдары арқылы қатты отын жеткізілетін болады.

– Біздің міндетіміз – жер үйде тұратын тұрғындарға қазірден бастап көмір алуға жағдай жасау. Өздеріңіз білетіндей, қаламызда 2 көмір қоймасы бар. Олар биыл «Қаражыра» АҚ-мен 200 мың тоннаға келісімшартқа отырған. Сол көмірлер тәулігіне 10-15 вагоннан келіп жатыр. Яғни, былтырдан қалған көмір емес. Сапасы жақсы, – дейді қала әкімі.

 

Айта кету керек, облыс орталығынан көмірді тек шаhар тұрғындары ғана емес, Глубокое, Ұлан, Самар және т.б. аудандар да алады.

– Күз кезінде қатты отын азайып, кезек көбейіп кетуі мүмкін. Сондықтан қала тұрғындарын қазір көмір алып алуға шақырамыз. Қыстың қамын қазірден бастап ойлауымыз керек. Жұмыстар апта сайын қадағаланатын болады, – дейді Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив