KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 5 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

27.06.2018, 03:01 141

Шілденің басынан Өскемен қаласында әлеуметтік көмір сатыла бастайды. Қала әкімдігі, «Қаражыра» АҚ және облыстық Ауғаныстан мүгедектері мен ардегерлері қоғамдық бірлестіктігі арасында көмірді төмендетілген бағасымен сату жөніндегі меморандумға қол қойылды.


- Әдеттегідей әлеуметтік көмірді облыс орталығының Ұлы Отан және ауған соғысының ардагерлері, зейнеткерлер мен тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылары, бірінші және екінші топ мүгедектері ала алады. Төмендетілген бағамен көмір алу жөніндегі өтінішті жергілікті өзін-өзі басқару комитеттеріне тапсыру қажет,-деп атап өтті Өскемен қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ольга Булавкина.


Әлеуметтік көмірдің биылғы бағасы бір тоннасы үшін 8350 теңге. Бұл нарықтағы көмір бағасынан 450 теңгеге төмен. Бір айта кетерлігі, әлеуметтік көмір бағасының нарықтағыдан айырмашылығы көп болмағанымен, оны жеткізіп беру бағасымен қосқанда әлдеқайда аз сомма шығады. Оны жеткізіп беру бағасы 5-6 мың теңгеден аспайды.


- Көмірді вагондармен жеткізу жұмыстары басталды. Сондықтан жеңілдікпен сатылатын көмір алушылар тізіміне енгізілген азаматтарға қара күзге қалдырмай осы бастан қамдана берулерін сұраймын. Өйткені көлік тапшылығына байланысты күзде қарбалас басталады,-деп атап өтті кәсіпорын басшысы Марғұлан Мақышев.


Қала әкімдігі мен «Қаражыра» АҚ арасындағы меморандумға осымен тоғызыншы мәрте қол қойылып отыр. Тоғыз жыл ішінде аталмыш кәсіпорын әлеуметтік жауапкершілік аясындағы шаралараға 140 миллион теңгеден астам қаржы жұмсаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив