KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 3 м/с, В
471.46 504.79 5.53

50-ден астам оқушы армрестлинг жарысында күш сынасты – ШҚО

Фото: egemen.kz

26.06.2023, 21:30 318

21 маусымда ШҚО-да армрестлинг бойынша жарыс ұйымдастырылып, оған 50-ден астам оқушы қатысты.

Шара нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Altaynews Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы гір спорты және армрестлинг бойынша федерациямен бірлесіп облыстың әртүрлі өңірлерінен жиналған жасөспірімдердің арасында армрестлинг бойынша турнир өткізді.

Шара ұйымдастырушылары балалар мен жасөспірімдерді спортпен шұғылдануға тарту және есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатын көздеген.

Турнирге 50-ден астам ұл мен қыз қатысты. Олар 40-тан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежелері бойынша турнирде өз шеберліктерін көрсетті. Жарыстың барлық қатысушылары грамоталармен, медальдармен, бағалы сыйлықтармен және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының сыйлықтарымен марапатталды. Барлық қатысушыға «Есірткіге «жоқ!» деп айт!» логотипі бар кепкалар, қаламсаптар мен футболкалар табысталды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив