KZ
Өскемен
-29°
плотный туман Штиль
520.02 608.79 6.57

Өскеменде электр кептіргіш кесірінен тоғыз қабатты үйде өрт шықты

Фото: ШҚО ТЖД бапасөз қызметі

22.08.2023, 10:07 19 730 Ләззат Қанатқызы

Бүгін таңғы 4.00 шамасында облыс орталығындағы 30-шы гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан тұрғын үйден өрт шықты.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер 19 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 2 бала бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Абырой болғанда, құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, 2 шаршы метр аумақтағы қызыл жалын ауыздықталды.

  Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның 35 адамы мен 10 техника жұмылдырылды, дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, атап айтқанда, көкөністер мен жемістерге арналған электр кептіргіш.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу