KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 2 м/с, Ю
439.43 473.31 4.82

Өскеменде дәмхана өртеніп, 55 адам эвакуацияланды

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

2.07.2023, 13:47 360 Ләззат Қанатқызы

Бүгін сағат таңғы 05.23 шамасында Қазақстан көшесіндегі бес қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханадан өрт шықты.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар тез арада 55 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 10 бала бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Өрт сөндірушілер сағат 06.19 кезінде 120 шаршы метрге шарпыған өртті ауыздықтап үлгерді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 28 адамы және 9 техникасы жұмылдырылды",  дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Алдын ала дерек бойынша өрттің себептері, өртті абайсыз пайдаланужәне қасақана өрт қою болжамдары пысықталып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив