Қаржылық сауаттылық туралы тренинг өтеді — Өскемен
Фото: egemen.kz
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Өскемен қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы 15 қыркүйекте («Dedeman» қонақ үйінің конференц-залы) «Solva» компаниясының білім беру платформасы негізінде Қаржылық сауаттылық бойынша тегін тренинг өткізеді.
Тренинг қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сонымен қатар қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы және Fingramota.kz жобасы шеңберінде Агенттіктің қолдауымен өтеді.
Білім беру тренингінің мақсаты – өңірде шағын бизнесті дамытуды ынталандыру, кәсіпкер әйелдер арасында қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру.
Дәрістер қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Тренингтерге қатысу тегін.