KZ
Өскемен
-6°
туман жел 1 м/с, С
505.53 593.44 6.34

Өскеменде тағы бір жаңа демалыс аймағы ашылады

Фото: aikyn.kz

22.09.2023, 11:42 276 Ләззат Қанатқызы

Өскемендік кәсіпкерлердің бірі қалада жаңа демалыс аймағын ашуға ниетті.

Кәсіпкер Танир Ясса Михаэлис көшесінде тегін WI-Fi желісі бар, ашық аспан астындағы коворкинг аймағын ашқысы келеді. Ол өз жобасын қала әкім Жақсылық Омарға таныстыды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шаhар басшысы да кәсіпкердің бұл жобасын мақұлдап отыр. Айта кету керек, Танир Ясса демалыс аймағын абаттандыру бойынша барлық жұмыстарды өз есебінен жүргізбек.

- Әкімдік тарапынан барлығы келісілді. Енді аталған аймақта кәсіпкердің өтінішімен ағаш бұтақтарын санитарлық кесу жұмыстары жүргізіледі. Кейін белгіленген жасыл желекті алаң дайындалады, - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

«Горизонт» дүкені маңындағы жаңа демалыс аймағын келесі көктемде ашу жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу