KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность жел 5 м/с, З
494.84 537.4 5.58

Өскеменде тіркемелері бар көлік құралдарына шектеу енгізіледі

27.10.2023, 11:09 284 Ләззат Қанатқызы

Өскеменде ауа райының күрт нашарлауына байланысты Защита жол өтпесінде бірқатар көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі.

1 қарашадан бастап аталған жол учаскесіне тиісті белгілер орнатылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, синоптиктердің болжамына сүйенсек, алдағы күндері өңірде күн суытып, қар жауады.

- Облыс орталығындағы Защита жол өтпесінде тіркемелері (жартылай тіркемелері) бар көлік құралдарының қозғалысы үшін уақытша шектеулер енгізілетінін де хабарлаймыз. 1 қарашада тиісті белгілер орнатылады, - дейді ШҚО ПД жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Сергей Коваленко.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жүргізушілерге  қысқы кезеңге дайындалып, дөңгелектерін ауыстыру керектігін ескертті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу