KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Өскеменде әлеуметтік көмір алуға өтінім қабылдау жүріп жатыр

27.10.2023, 17:02 248

Облыс орталығында әлеуметтік көмір алуға өтінім қабылдау жалғасуда.

Айта кету керек, қазір қала тұрғындары мен заңды тұлғалар қатты отынды 2 тұйықтан, яғни «Сейком» ЖШС мен «Отын компаниясы терминал» ЖШС-дан  сатып ала алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биыл қала әкімдігі мен «Қаражыра» АҚ арасында 200 000 тоннаға келісімшарт жасалған болатын. Оның 148 мың тоннасы – тұрғындар үшін, қалған 52000 тонна – мекемелерге.

26 қазандағы ақпарат бойынша, барлығы 163 111,5 тонна қатты отын сатылған.

Атап айтсақ, «Сейком» ЖШС – 110 000 тонна, оның 86 379,3 тоннасы, яғни 78,5% сатылған.

«Отын компаниясы терминал» ЖШС - 90 000 тонна, оның 76 732,2 тоннасы, яғни 85,3% сатылды.

Естеріңізге сала кетейіке, әлеуметтік көмір бойынша 2023 жылға арналған Меморандумға ағымдағы жылдың 1 шілдесінде қол қойылған.  3 шілдеден бастап әлеуметтік көмірді сату басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив