KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
489.36 533.45 4.99

Өскеменнің әкімі Прохладный және Әуежай ауданының тұрғындарымен кездесті

Фото — автордікі

11.11.2023, 22:24 262

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Прохладная және Әуежай ауданының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында тұрғындар шағымын жеткізіп, мәселелерін көтерді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Былтыр аталған аудандағы Щербаков көшесіне жылу беру желілері тартылып, 151 пәтері бар 8 үй орталық жылу беру жүйесіне қосылды. Сонымен қатар, Бажов көшесіндегі сквер абаттандырылған. Биыл Щербакова көшесі 40/1 мекенжайынан Автобусная 355 көшесіне дейінгі аумаққа, Трубный тұйық көшесіне жарық беру бағаналары орнатылған. Биыл аталған ауданға қатынайтын 12-ші, 39-шы, 351-ші бағыттағы автобустар жаңартылған көрінеді.

Тұрғындар жиын барысында саяжай бірлестіктерінің аумағында жарық жоқ екенін, сондықтан кешке сабақтан қайтатын балалар мен жұмыстан қайтатын адамдар үшін қиындық туатынын айтып отыр. Одан өзге, тұрғындар 27-мектептің аумағының қоршалмағанына да наразы.

— Біздің көше шеткері жақта тұр. Көше тас қараңғы. Балалар мектептен, халық сабақтан қайтады. Біз үшін көшеге жарық беру мәселесі өзекті болып тұр. Тағы бір маңызды мәселенің бірі  — бейнебақылау жүйесін орнату. Ең болмағанда кіре беріс пен көше аяқталар тұсқа орнатып берсе жақсы болар еді. Құқық қорғау органдары көшені бақылап отыратындай жағдай жасап берсе екен. Өйткені, иттер, нашақорлар жүреді. Қатар тұрған саяжай бірлестіктері үшін бұл мәселені шешу маңызды болып тұр, — дейді “Корольки” саяжай бірлестігінің төрағасы Александр Майоров. — Сонымен қатар, біздің көшеге асфальт төсеп береді деп те үміттенеміз. Асфальт түссе, аялдама салып, автобус жіберуге де болар еді.

Сонымен қатар, аудан тұрғындары қаланың екінші шетіндегі КШТ ауданындағы емханалар мен медициналық орталықтарға барып қаралып тұратын ата- аналар мен балалар барын айтып, сол бағытта қатынайтын автобус шығаруын сұрады. Кей көшелердің тұрғындары тротуар салып, суық су құбырын ауыстыру керек екенін, қоқыс мәселесін, саяжай бірлестіктеріндегі электр желілерінің жағдайына назар аудару керек екенін айтты. Жаңа сквер салуды, ыстық су беруді, футбол алаңын салуды сұрады.

— Біз сұрақтың бәрін жазып алдық. Оларды топтастырып, сіздермен кездесемін. Сол жерде қай сұрақты биыл, қандай меселелерді келесі жылы шешетінімізді айтамыз. Белгілі бір жағдайларға байланысты біз шеше алмайтын мәседелерді де айтамыз, – дейді қала әкімі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив