KZ
Өскемен
-24°
туман жел 1 м/с, СБ
512.16 594.72 6.57

Өскеменде көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші қамауға алынды

Фото: halyq-uni.kz

23.11.2023, 16:07 394 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі қамауға алынды.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында тәртіп сақшылары шетелдік нөмір таққан "Hyundai Sonata" маркалы автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Құжаттарын тексеру барысында мемлекеттік тіркеу нөмірінің жалған екені анықталды.

- 24 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі "Көрінеу жалған немесе жалған нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару" бойынша хаттама толтырылды. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімі бойынша жүргізуші бір тәулікке қамауға алынып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта көлік айып тұрағына қойылды.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу