KZ
Өскемен
-20°
туман жел 1 м/с, СБ
504.6 594.27 6.48

Ресейде тіркелген көлікке жалған нөмір жапсырып алғандар ұсталып жатыр

26.06.2019, 03:39 379

ШҚО-да жалған нөмірмен көлік айдаған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Полиция қызметкерлері екі күн бойы «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізген. Осы кезде 26 жастағы құқық бұзушыны ұстаған.

Нақтырақ айтсақ, маусымның 20-сы күні Шемонаиха қаласындағы Lada маркалы көлікті тізгіндеушінің жалған нөмірмен жүргені әшкере болды. Тексеру кезінде анықталғандай, автокөлік Ресей Федерациясының Кемерово облысына тіркелген.

Жүргізушінің үстінен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 4-бөлімі, 590-шы бабына сәйкес «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша хаттама толтырылды, – дейді ШҚО полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Материалдар Глубокое аудандық сотына қарауға жіберілді. Шығыс Қазақстан облысы полиция басқармасы жүргізген «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасында дәл осылай заңды бұзған екі жүргізуші ұсталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу