KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
443.72 482.28 4.9

Өскеменде мас күйде көлік басқарған 2 жүргізуші анықталды

Фото: egemen.kz

14.08.2023, 21:26 165

Өскемен қаласында полиция қызметкерлері бір тәулікте екі мас жүргізушіні тоқтатқан көрінеді.

Өскемен қаласында жыл басынан бері мас күйде ұсталған 258 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

9 тамызда сағат 21.15 шамасында Өскемен қаласының ПБ патрульдік полиция экипажының назарына «BMW» маркалы көлігі түскен. Өскемен қаласының ПБ дерегінше, аталған көліктің 28 жастағы жүргізушісі жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталған. Сол түні тәртіп сақшылары Бажов көшесінде «Лада Приора» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші ОНД-ге жеткізіліп, куәландыру нәтижесі бойынша есірткіге мас күйде екені анықталған.

Қазіргі уақытта екі жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Ол бойынша он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру қарастырылған. Көлік мамандандырылған автотұраққа қойылды.

Өскемен қаласында жыл басынан бері мас күйде ұсталған 258 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған көрінеді.

           

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив