Өскеменде өрт сөндірушілер 15 тұрғынды құтқарды
Өскеменде өрт сөндірушілер бес қабатты үйдегі өрт кезінде 15 тұрғынды құтқарды.
24 қарашада Өскемен қаласындағы Свобода көшесінде бес қабатты үйдегі пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Altaynews.kz cайты.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер терезеден кіріп, екі адамды алып шықты: 1967 жылы туған пәтер иесі мен оның 1936 жылы туған әкесі.
Түтін тұрғын үйдің кіреберісінің қабаттарына таралып кеткен екен. Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы құтқару қалпақтарының көмегімен тағы алты тұрғын мен үш баланы алып шығады. Төртінші қабаттағы пәтерден автосатының көмегімен тағы алты бала құтқарылды.
Осы уақытта бір мезгілде өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді. 6 шаршы метр аумаққа таралған өрт толығымен сөндірілді.
Қазап тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 21 адам және 7 техника жұмылдырылды.