KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 9 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Өскемен әуежайында алаңды біреуге арзан, біреуге қымбатқа берген

Фото: russianplanes.net

26.11.2023, 09:00 218 Назерке Каримова

Өскемен әуежайында кәсіпкерлерге алаңды жалға беруде баға саясаты бұзылған. Кәсіпкерлердің біріне 100 шаршы метр көлеміндегі аумақты ай сайын 50 мың теңге көлемінде берсе, келесі бір кәсіпкерге 10 шаршы метр аумақты 100 мың теңгеге беріпті.

Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасы жүргізген талдаудың нәтижесінде Өскемен қаласы әуежайы алаңдарды жалға алу-беру кезінде баға саясатын бұзғандығын анықтады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 «Өскемен әуежайы» АҚ бекітілген прейскурантқа қарамастан, жекелеген кәсіпкерлерге жалдау ақысының құнын өте төмен бағада ұсынған.

Әуежайдағы бос алаңдарды кәсіпкерлер коммерциялық бағытта жалға алған екен. Белгілі болғандай, кәсіпкерлердің бірі 10 шаршы метрге кофе әзірлеу аппаратын орналастыру үшін 100 мың теңге төлеген. Бұл басқа кәсіпкерлер алған алаңның бағасымен салыстырғанда айтарлықтай қымбат екендігі анықталып отыр.

– Прокуратура араласқан соң шарттар қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкестендірілді, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал кәсіпкерлерге жалдау төлемдерін қайта есептеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Автор: Қызырбек Дүргінбайұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив