Өскеменде өрт сөндірушілер 80 адамды эвакуациялады
Өскемен қаласында Көкжал Барақ көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің қосалқы үй-жайында жинақталған жанғыш заттар өртеніп кеткен.
Өрт орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер кіреберістен улы зат бөліп жатқан қалың түтінді бірден анықтады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Шұғыл түрде 80 адам арнайы баспалдақтың көмегімен тысқа шығарылып, қауіпсіз аймақтан эвакуацияланды., олардың арасында 15 бала бар.
10 ш. м. аумаққа жайылған өрт жедел сөндірілді. Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамның 18 адамы және 4 техника жұмылдырылды.
Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері эвакуацияланған адамдарға тексеру жүргізді.
Алдын-ала ақпарат бойынша, өрттің шығу себебі - отты абайсыз пайдалану.