KZ
Өскемен
+18°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Өскемендегі зауыт сағатына 25 тонна қоқыс өңдеп жатыр

12.12.2023, 15:40 242 Нұржан Кенжеұлы

Былтырғы қазан айынан бері Өскеменде қоқыс сұрыптау зауыты жұмыс істеп тұр. Мұндағы автоматтандырылған желі қағаз, пластик, метал сынды қайта өңделетін қалдықтарды бір бөлек, органикалық қалдықтарды бір бөлек сұрыптайды.

 

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев аталған зауыттың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

 

Белгілі болғандай, желі бір сағат ішінде орташа есеппен 25 тонна қатты тұрмыстық қалдықты өңдеуге әлеуетті. Ал қала бойынша күніне шамамен 140 тонна қоқыс жиналатын көрінеді. Екі ауысыммен жұмыс істейтін қызметкерлері күнделікті әкелінетін қоқыстан бөлек, қазіргі полигондағы тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаумен де айналысады. Елімізде баламасы жоқ бұл зауыт Грекияда өндірілетін құралдармен жабдықталған.

 

– Қазір қала бойынша 40-қа жуық автокөлік қоқыс жинау, оны зауытқа жеткізу жұмыстарына жұмылдырылған. Зауыт қаланың қажеттілігін толығымен қамтуда. Қажет болса, өндіріс қуатын арттыруға да дайынбыз, – деді зауыт басшылығы.

 

Кәсіпорын ұжымымен кездесу барысында Ерлан Нысанбаев аталмыш салаға қатысты бірқатар мәселені тілге тиек етті. Атап айтқанда, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, қоқыстың морфологиялық құрамын анықтау сияқты өзекті проблемалар жайында сөз қозғап, зауыт өкілдерінің пікірін тыңдады.

 

Сондай-ақ мемлекет тарапынан қабылданатын іс-шаралар мен субсидия мәселелері де талқыланды. Бұл кездесуге «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы Е.Сәрсенбай қатысты.

 

Айта кетейік, 2023 жыл облыс орталығында қоқыс сұрыптау жылы болып жарияланған. Ол «Таза қала» бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив