KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 4 м/с, В
514.94 583.74 6.13

Енді қоқысты басқаша жинаймыз - Өскемен

10.03.2021, 11:16 382

Өскеменде қоқысты бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылады

Облыс орталығына қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер мен арнайы қоқыс тасығыштар жеткізілді. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.


-  Шыны қалдықтарын жинауға арналған екі машина Өскеменге келді. Осы аптаның соңына дейін тағы төрт қоқыс тасығыш жеткізіледі, - деп жазды шаhар басшысы.


Қала бойынша контейнерлердің үш түрін орнату жоспарланып отыр. Олар: органикалық қалдықтарға, әйнекке және басқа да бейорганикалық қалдықтарға (пластик, қағаз, металл) арналған. Сұрыпталған қоқыстарды бөлек-бөлек жинау үшін қалаға 1300-ден астам астам контейнер жеткізілген екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу