KZ
Өскемен
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Белинский көшесіндегі үйдің тұрғындары үш күн суық сусыз отырды - Өскемен

Фото: ulysmedia.kz

12.12.2023, 17:41 203 Айна Ескенқызы

Өскемен қаласындағы Белинский көшесі, 35 мекенжайындағы үйдің тұрғындары үш күн суық сусыз отырды. ПИК өкілдері оларға су құбыры аяздан қатып қалды деп түсіндірген.

 

Біз бұл мәселені алға тартып «Водоканал» кәсіпорнына жүгіндік. Алайда кәсіпорында аталған мекенжайда ешқандай апат болмағанын, суық суды өшірмегендерін айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Жауапты мекемеден тұшымды жауап ала алмаған соң мән-жайды анықтау үшін қала әкімдігіне хабарластық.

 

- Тұрғын үйде жертөле жоқ, су құбырлары подъезде орналасқан. Тұрғындар подъездің есігін жаппағандықтан, құбырлар қатып қалған. Үйдің басқарушысы бұл жағдайдан хабардар, тұрғындарға суық судың қорын жасап алу туралы ескерткен. Ертең таңертең жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Шындығында бұл пәтер иелері кооперативінің ішкі жұмысы, - деп түсіндірді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінде.

Бүгін аталған көп қабатты үйдің тұрғындарына қайта хабарластық. Олар кеше БАҚ өкілдерінің араласуынан кейін дереу су берілгенін айтты.

Тұрғындардың айтуынша, үш қабатты тұрғын үй ескі. Дегенмен оның «КСК Ленина-50» алдында ешқандай қарызы жоқ.

- Менің есігіме анда-санда «қарызсың» деп қағаз жапсырып кетеді. Қазір төлемдерді Каспий қосымшасынан төлегендіктен мен қарыз емес екенімді дәлелдеп беремін. Ал бұрын біз кеңселеріне барып, сол жерде отырған екі әйелге төлеп, дәптерге қол қоятынбыз. Енді қандай берешекті ойлап тапқандарын білмеймін. Ай сайын ауданы 44 шаршы метр болатын пәтеріме 2050 теңге төлеп отырмын, - дейді тұрғындардың бірі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив