KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Өскеменде ертең бас шырша шамдары жағылады

Фото: @akimatoskemen

21.12.2023, 14:08 440 Мадина Амангелдіқызы

Облыс орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай өтетін іс-шаралар легі басталады.

 

Өскемен қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын 22 желтоқсанда өтетін көңілді мерекелік шараларға қатысуға шақырады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Сонымен, ертең сағат 15.00-де Жастар көшесі, 23 мекенжайындағы хоккей қорабында «Алтын шайба» шайбалы хоккейден қалалық лига маусымының ашылуы өтеді. Жарыс 2006-2008, 2009-2013 ж.т. жасөспірімдер және 2008-2012 ж.т. қыздар арасында өткізіледі.

 

Ал сағат 16.00-де Солжағалау саябағында Аяз Ата резиденциясы ашылады. Мұнда концерттік бағдарлама, театрландырылған қойылым, түрлі ойындап, викториналар ұйымдастырылмақ.

 

Сағат 18.00-де Республика алаңында дәстүрлі «Жарқыра, шырша!» театрландырылған қойылымы өтіп, қаланың бас шыршасы жағылады.

 

Сондай-ақ тұрғындар Аяз Ата, Ақшақар немесе ертегі кейіпкері болып шеруге қатыса алады.  Ол үшін арнайы костюм киіп, сағат 17.30-да Мәдениет басқармасы ғимаратының алдында (Қазақстан к-сі, 63) жиналу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив