Өскеменде көпбалалы аналар сайысы өтеді
Фото: trendytheme.net
Облыстың бас шаhарында «Жан ана» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мен - әйелмін, әлемнің анасымын» атты байқау өтеді.
Аталмыш облыстық байқауда көпбалалы аналар сынға түспек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Жоспар бойынша сайысқа Риддер қаласы мен Зайсан, Тарбағатай, Самар және Глубокое аудандарының аналары шақырылады. Байқау 3 наурыз күні 14.00-де «Достық үйі» қоғамдық келісім орталығында өтеді, - делінген ұйымдастырушылар хабарламасында.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады:
Таныстыру;
Салт-дәстүрге байланысты көрініс;
Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі;
Әр команда өз ауданының жетістікке жеткен аналары туралы қысқаша бейнеролик көрсету (бейнеролик «Jan Ana» қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік желілерінде жарияланып, лүпіл басу арқылы ұпай жиналатын болады);
Сұрақ-жауап сайысы.
Оқи отырыңыз