KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
441.44 473.09 4.75

Өскемендегі «Орталық», «Заречный», «Заря» базарлары жаңартылады

Фото: freepik.com

16.04.2024, 09:40 70 Ержан Әбіш

Елімізде 2025 жылға дейін базарларды жаңғырту бойынша Жол картасы әзірленді. Осыған орай көше дүңгіршектерін, контейнерлік павильондарды заманауи нысандарға ауыстыру көзделіп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО-да барлығы 34 базар жұмыс істеп тұр.

– Қазіргі уақытта нормативтік-құқықтық актілерге 2025 жылдың соңына дейін әмбебап базарлардан басқа барлық базарлар жаңғыртылуға тиіс деген өзгеріс енгізілуде, – дейді ШҚО бойынша сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Данияр Дүйсембаев. – Осы түзетулер қабылданған соң облыс орталығындағы тағы төрт базар жаңғыртылуға міндетті.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, қазіргі уақытта базар иелері жаңғыртуға кірісіп те кетті. Айталық, «Заря» базарында павильондардың эскизі жасалды, «Заречный» жабық ғимарат салуды жоспарлап отыр, «Орталық» базарында инженерлік желілері жаңартылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив