KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Өскеменде тротуарлар тазартылып жатыр

22.04.2024, 14:10 63 Ержан Әбіш

«Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының еңбеккерлері автожолдар мен тротураларды кір-қоқыстан, көктайғаққа қарсы материалдардың қалдықтарынан тазарту жұмыстарын бастап кетті. Автокөлік жолдары үнемі сумен жуылуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазір жұмысшылар тротуарларды, өткелдерді, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымының басқа да нысандарын тазалауға кірісті. Жұмыс негізінен түнде жүргізілетін болады. Бұл туралы кәсіпорынның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, облыста «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтіп жатыр. Оның аясында аумақтарды тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Осы апта «Жасыл аймақ» тақырыбына арналған. Бұл жолы көшеттер егіліп, ағаштардың түбі әктеледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив