KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, ОШ
521.9 593.5 6.39

Өскемен: Үлбі көпірінің астындағы жол қайта жабылды

Өскемен қалалық әкімдігінен

1.05.2024, 09:00 218 Назерке Каримова

Өскемендегі Үлбі көпірінің астындағы жол бүгіннен бастап ашылған еді.

Алайда жауын-шашынға байланысты жол қайта жабылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, су деңгейінің көтерілуіне байланысты 8 сәуірден бастап айналма жолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілген болатын. Бүгін өзендегі су деңгейі түсіп, жол ашылған. Алайда түнімен жауын жауып және алдағы күндері де жаңбырлы болатындықтан жол қайт жабылды.

- Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Үлбі көпірінің астындағы Протозанов және Астана көшелерінің екі жағындағы жол айрықтары жабылды, - деп хабарлады Өскемен қаласының әкімдігі. - Үлбі өзеніндегі су деңгейі төмендегеннен кейін жол ашық болады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу