KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
480.55 533.75 5.36

Өскемен көшелеріне полимерлік жол белгілері салынып жатыр

22.07.2024, 10:52 117 Ләззат Қанатқызы

Бүгінде шаһар көшелерінде полимерлік жол белгілерін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қала әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, жаяу жүргіншілер өткелдерін белгілеу үшін де пластикалық белгілер қолданылатын болады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Қазіргі таңда жол белгілері Абай даңғылы, Бажов көшесі, Сәтпаев даңғылы, Есенберлин даңғылы, Қабанбай батыр көшесі, Қазақстан көшесі, Ушанов алаңы мен Үлбі көпіріне орнатылған.

- Пластмассадан жасалған жол белгілері бояуға қарағанда әлдеқайда берік, әрі түнгі уақытта жарықты қайтаратын қасиетке ие, - дейді учаскедегі маман Богдан Михаил.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив