KZ
Өскемен
-9°
туман жел 3 м/с, ОШ
523.86 544.34 5.11

Өскеменде «Бір ауыл – бір өнім» жәрмеңкесі өтеді

Фото: depositphotos.com

30.07.2024, 12:40 122 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы өңір тұрғындары мен қонақтарын «Бір ауыл – бір өнім» жәрмеңкесіне шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, «Бір ауыл – бір өнім» компоненті 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде құрылған «Мен кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құралының бағыттарының бірі болып табылады. «Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің басты мақсаты – қарапайым азаматтардың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін арттыру, кәсіпкерлерге өз өнімдерін өткізу нарықтарын кеңейтуге, әрі қарай экспортқа шығуға жәрдемдесу.

Біздің өңірдің бизнес-қоғамдастығының 20-дан астам өкілі өз өнімдерін жәрмеңкеде ұсынады: шай, бал, зергерлік бұйымдар, киізден жасалған бұйымдар, ірімшіктің әр түрі, құрт, қолдан жасалған сабын, саздан жасалған бұйымдар, қымыз және тағы басқалар.

«Бір ауыл – бір өнім» көрмесі 17 тамызда сағат 10:00-де басталады. Мекенжайы: «Гостиный двор» СО, Өскемен, Қазақстан к-сі, 159. Барлығына кіру тегін!

Жобаға қатысу туралы қосымша ақпаратты ШҚО Кәсіпкерлер палатасынан Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 26/1 мекенжайы бойынша немесе 8 (7232) 742-810 телефоны бойынша алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу