KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Бүгін түнде кей көшелерде су өшіріледі - Өскемен

Фото: depositphotos.com

2.08.2024, 15:14 84 Ержан Әбіш

Виноградов көшесі бойындағы №14 Канализациялық насос станциясына апаратын диаметрі 1000 мм канализациялық коллектордағы жапқыш арматураның істен шығуына байланысты 2 тамыздан 3 тамызға дейін, сағат 23:00-ден 03:00-ге дейін «Крылов», «Мыза» насос станциялары өшіріледі.

Бұл шаралар канализация жүйесіндегі су ағынын азайту және диаметрі 1000 мм жапқышты демонтаждау үшін жүзеге асады.

Су өшірілетін аудандар: Мыза, Пермитин, Қазақстан, Славский, Крылов, Қайсенов көшелері, көршілес мекенжайлар: Әуезов даңғылы, Жеңіс даңғылы, Тоқтаров көшесі, Либнехт көшесі, Лихарев көшесі, Горький көшесі, Бейбітшілік көшесі, Чехов көшесі, Кабанбай батыр көшесі, Новаторлар көшесі, Нұрмағамбетов көшесі, Толстой көшесі, Протозанов көшесі, Буров көшесі, Красин, Шмелев Лог кенттері.

11 мектеп, 13 балабақша, 6 емхана, 1 колония, барлығы 200 көпқабатты үй ауыз судан уақытша ажыратылады.

«Өскемен су арнасы» кәсіпорны келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және алдын ала қажет су мөлшерін толтырып алуды сұрайды. Аудан тұрғындарына су жеткізу үшін арнайы техника кезекшілік етеді.

Су жеткізуге өтініштер тәулік бойы келесі телефондар арқылы қабылданады: 531661, 87052067916.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив