Өскемендегі кісі өлімі: сот күдіктіге үкім шығарды
Фото: rupres.com
Облыс орталығында споршыны атып өлтірді деп айыпталған күдіктіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, күдіктіге адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
- Жасалған қылмыс туралы хабарламағаны үшін тағы бір ер адам жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны алды.Үкім заңды күшіне енген жоқ, - делінген ақпаратта.
Естеріңізгі сала кетейік, 13 қаңтар күні Қазақстан көшесіндегі аулалардың бірінде белгісіз біреу жергілікті спортшы Эльер Юнусметовті атып өлтірген болатын. Кейіннен күдікті Абай даңғылында кетіп бара жатқан көлікте ұсталған.
Оқи отырыңыз