KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Биыл ауыл шаруашылығы саласында қандай нәтиже күтіледі?

28.04.2023, 09:00 314

2023 жылға қойылған жоспар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымын 2022 жылғы деңгеймен салыстырғанда 111%-ға арттыру күтіледі. Осылайша, өнім көлемін 584,3 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. 
Алдын ала болжамға сәйкес, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 653,1 мың га құрайды. Бұл өткен жылғы деңгейден 10,7 мың гектарға артық болмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
2023 жылы еңбек өнімділігі ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған бір адамға 7016,0 мың теңге сомасында болады деп жоспарланған. Биыл Павлодар мұнай өңдеу зауытынан көктемгі дала жұмыстарына 20 мың тонна және мал азығын дайындауға 5 мың тонна арзандатылған дизель бөлінді. Дерекке сәйкес, бөлінген көлем облыс фермерлерінің қажеттілігін толық жабады. 
Сонымен қатар осы жылы облыстағы ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ ШҚФ арқылы 8 млрд теңге кредиттік қаражат, оның ішінде "Кең дала" бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 1 млрд теңге беру жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу