KZ
Өскемен
-7°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
498.55 524.28 4.75

Жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік жоқ – Ерболат Саурықов

Фото: egemen.kz

15.06.2023, 20:33 382

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов әскери борышты өтеу жолындағы кедергілер мен мәселелерді атады.

Депутат жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық тәрбие жоқтың қасы деп мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Біріншіден, елімізде жастар саясаты мәселесі мен ұлттық идеология ақсап тұр. Екіншіден, жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық тәрбие жоқтың қасы. Үшіншіден, отбасы мен мектеп тәрбиесі, қоғамдық орта мен жұмыс орнындағы тәрбие төмендеп кеткен. Төртіншіден, колледждер мен ЖОО қабырғасында күндізгі оқу формасындағы жастарды әскерден босату жастарымыздың Отан алдындағы борышын өтеуге деген ниетін бұзып отыр, – деді Ерболат Саурықов.

Депутат бесінші мәселе ретінде жастардың Отан алдындағы борышты ұмытып, жеңіл пайда мен табыс табу мәселелеріне басымдық беруін атады.

– Алтыншыдан, діни ағымдағы қызметкерлер мүлдем алынбайды, ал өзге ұлт өкілдері көбінесе әскерге барудан бас тартады. Жетіншіден, мемлекеттік қызмет пен оған теңестірілген азаматтар, құқық қорғау саласына жұмысқа тұрушылар міндетті түрде әскерден кейін ғана жұмысқа алынуы міндет деген басты қағида орындалмайды. Сегізіншіден, қазіргі әскердегі келеңсіз оқиғалар: күш көрсету, қаржы талап ету, еріксіз жұмысқа шегу, әділетсіздік орнату, адам өлімі мен түрлі суицидтер жастардың әскерге бармауының басты себебі болып отыр, – деп түсіндірді депутат.


            

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу