Мектеп бітіру кешіне орай полиция үндеу жариялады
Фото: pexels.com
Полиция мектеп бітіруші түлектерге және олардың ата-аналарына үндеу жариялады.
Осы аптада елде «мектеп бітіру кештері» өткізіліп жатқан көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Былтырғы жылдары түлектер қатысқан әртүрлі құқық бұзушылық деректері тіркелген. Іс-шаралар өткізілетін орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін әрбір оқу орнына полиция қызметкерлері және басшы құрам қатарынан жауаптылар бекітілді. Қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін бұлжытпауды қамтамасыз ету мақсатында полицияның патрульдік нарядтары кеш өткізілетін орындарға барынша жақын орналастырылды, сондай-ақ жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары іске қосылған.
Жалпы, аталған іс-шараларға 7 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды.