Жылыту маусымына дайындалмаған әкімнің орынбасарын жазалау ұсынылды
Фото: egemen.kz
Кәсіпкерлік кодекстің қолданыстағы шектеулері энергия нысандарын толыққанды бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Төраға бұл мәселені Мәжілістің жалпы отырысында жылумен жабдықтау саласындағы аудиторлық іс-шараның қорытындысын талқылау кезінде көтерген.
Төраға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте жылу беру маусымына дайындықты тиісті деңгейде жүргізбеу және дайындық барысындағы заңсыздықтар үшін лауазымды адамдардың (әкім орынбасарынан төмен емес) және энергетика нысандары бірінші басшыларының жауапкершілігін регламенттеу керектігін атап өтті.