KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Жылыту маусымына дайындық жақсармаса, жауаптыларға қатысты шешім қабылданады

Фото: egemen.kz

27.06.2023, 13:30 326

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық нашар жүргізіліп жатқанын айтты.

Премьер-Министр жаз біткенше жағдай жақсармаса, жауапты тұлғаларға қатысты кадрлық шешім қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов жылу желілерін жөндеу жұмыстарының қарқыны өте баяу екенін атап өтті. Қазіргі таңда 47 жобаның 30-ында ғана жұмыс жүріп жатыр. Оның айтуынша, желілерді техникалық тексеру жұмыстары да біткен жоқ. Үкімет басшысының пікірінше, уәкілетті орган мен әкімдіктердің арасында үйлестірудің жоқтығынан осындай кемшіліктер туындаған.

– Жалпы, жылыту маусымына дайындық жұмыстарын нашар деп бағалаймын. Бірінші басшылардың, әкімдер мен министрлердің жауапты орынбасарлары «кабинетте отырмай», жұмыстың бел ортасында жүруі тиіс. Проблемаларды объектінің басында шұғыл шешу қажет. Арқаны кеңге салатын уақыт жоқ, жаз ортасы келіп қалды. Тәулік бойы жұмыс істеу керек. Бізде құрылыс маусымы өте қысқа, сондықтан тәуекел де жоғары. Егер жаз біткенше жағдай жақсармайтын болса, онда жауапты адамдарға қатысты кадрлық шешімдер қабылданатын болады, – деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы Энергетика министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп жылу көздерінің жөндеу мерзімін ауыстырмай, жылыту маусымына толық дайындықты қамтамасыз етуі, Индустрия министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс екенін атап көрсетті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу