KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Дарын: сыйлыққа 35 жасқа дейінгі адамдар үміткер болады

Фото: egemen.kz

5.07.2023, 15:25 449

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды.

Бұйрық бойынша, енді сыйлық алуға 35 жасқа дейінгі азаматтар да үміткер бола алады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  "Халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ инновациялық бағытта қызмет атқаратын және, тұтастай, қоғамның дамуына ықпал ететін 35 жастан аспаған ҚР азаматтары сыйлық алуға үміткер бола алады", - делінген министр қол қойған бұйрықта.

Айта кетейік, бұған дейін «Дарын» сыйлығы 29 жастан аспаған қазақстандықтарға тағайындалатын.

Сыйлықты әр номинация бойынша ең көп дегенде тек 2 үміткерге беруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда ақшалай сыйақы олардың арасында тең бөлінеді. Сыйлықты бұрын алған азамат қайта өтініш бере алмайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив