KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
442.05 474.14 4.74

Талапкерлер грант конкурсына өтінішті түнде жібере алады

Фото: egemen.kz

12.07.2023, 17:17 671

Талапкерлерден грантқа құжат қабылдау түнгі уақыттарда да жүргізіледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Сапарқожаев айтты.

Алайда Нұрбек Сапарқожаев жүктеме артып кетуі мүмкін екенін де ескеру қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Талапкерлерден грантқа құжат қабылдау түнгі уақыттарда да жүргізіледі. Дегенмен мына мәселеге тоқталғым келеді. Егер адамдардың барлығы түнгі уақытты таңдап, жаппай құжат тапсырса, онда порталдың жүктемесі көбейеді. Тиісінше, ақау шығуы ықтимал. Жүктеме артып кетсе, онда портал барлық құжатты қабылдай алмайды. Сондықтан біз талапкерлерге мынаны айтқымыз келеді: құжат тапсыру кезінде ол көп жүктеліп жатса, онда қайта-қайта тапсыра берудің қажеті жоқ. Мұндай жағдайлар бізде болды. Онда бір талапкер күтпей, бетті бірнеше рет ашып, жүктей берген, – деп мәлімдеді Нұрбек Сапарқожаев.

Егер талапкер құжатты қайта-қайта жүктеп, бірнеше рет өтініш берген болса, онда конкурстық комиссия құжаттардың ең соңғы немесе толық ақпарат көрсетілген нұсқасын іріктеп алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив