Грант конкурсына өтініштер қабылдау 13 шілдеде басталады
Түлектер құжаттарын кез келген ЖОО арқылы кез келген қалаға тапсыра алады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты.
Мәселен, Алматыға оқуға түсуді жоспарлаған басқа қаладағы түлек Алматыға келмей-ақ, құжаттарын еGov арқылы онлайн немесе жергілікті ЖОО арқылы офлайн тапсыра алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сондай-ақ вице-министр грант конкурсына құжат қабылдау 7 күн бойы жүретінін ескертті.
– Биыл грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады. Алыс аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін еGov электронды үкімет порталы арқылы онлайн өтініш қабылдау жүргізіледі. Сонымен қатар құжаттарын дәстүрлі форматта – офлайн тапсырғысы келетіндер үшін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жұмыс істейді, – деді Қуаныш Ерғалиев.
Оқи отырыңыз